работа психолага

Рассмотренных обращений: 1
Не рассмотренных обращений: 0

Информация по декаде физики, прошедшей
Автор: Ұйымдастырушы

Кәсіби өзін анықтауы бойынша оқушылармен жұмыс

Кәсіби өзін  анықтауы бойынша оқушылармен жұмыс:

1-    саты (1-4 сыныптар)

       Оқушылардың  жеке  психологиялық  ерекшеліктерін зерттеу.  Кәсіби  ой- ниеті мен қызығушылығын зерттеу. Күнделік жүргізу.

2-    саты ( 5-7 сыныптар)

        Ата- аналарының  мамандықтарымен таныстыру. Оқушылардың  қабілеттерін зерттеу.  Мамандықтар әлемімен  және  аса зәру   деген мамандықтармен  таныстыру.  Кәсіптік білімге  дейінгі мүмкіндіктерін  сауалнама арықылы анықтау. Оқушыларды мүмкіндіктерін  арттыру үшін әртүрлі іс- шараларға қатыстыру.

3-    саты (8-9 сыныптар)

Мамандық таңдауға  деген қызығушылығын  арттыру, мамандық таңдаудың мағынасы мен мәнін  түсінуге және өзін өзі  дұрыс анықтай білуіне,  оқу орындары  туралы  мәлімттермен  ақпараттандыру, мамандық таңдаудағы қателіктер т.б.

4-    саты (10-11 сыныптар)

 Таңдау  пәндерін  тереңдетіп оқу.  Кәсіби білім беру  мекемелерімен байланыста болу.  Қоғамдық,  тақырыптық экскурсияларға  қатынасу.  Аудандық  еңбекпен қамту орталықтарының қандай мамандықтарға  деген қажеттілігін білу.   

         Кәсіптік-бейіндік бағдар берудегі бағдарлама.

Мақсаты: 

         жеке білім алу траекториясын сауатты түрде құра білуге;

         белгілі бейіналды курсты таңдаудағы өзінің іс-әрекеттеріне, алдағы мақсатындағы, өткен курс бойынша бағасына талдау жасау және ақпараттарды мүмкіндіктерді пайдалануға;

         бейіналды даярлықтан өту кезеңінде «достық ортасын» құруға;

           түрлі бейіндік оқуды  таңдаудағы өзінің қабілеттілігін объективті түрде  бағалай  алуының қалыптасуы;

         өз қызығушылығы мен  қабілеттілігіне  сәйкес  бейіндік оқуды  таңдай алуы;

         таңдаған  бейін бойынша оқу мотивациясының жоғары деңгейінің қалыптасуына мүмкіндік беру  

Осы  мәселенің  психологиялық аспектілеріне үңіле отырып,  ата-аналар, сынып жетекшілері  және мектеп психологының  бірлескен, жүйелі  жұмыстардың маңыздылығын  ұғынамыз.

Кәсіби бағдар беру мен кәсіби өзін өзі анықтауында  жеке адамның психологиялық құрылымын тереңірек танып білу өте  қажет.

Жеке адам психологиясынының құрылымына   тоқталайық:

1.Бағыттылығы (бет алысы)- мотив (себеп) , қажеттіліктер, бейімділік пен қызығушылық,  талаптану, дүниетаным мен сенім,  мұрат ( идеал) пен  талғам,  тұжырым.

 2.Танымдық процесстері ( зейін, ес, ойлау, қабылдау,  түйсіну, қиялдау).

3. Биологиялық тума қасиеттері ( ми, жоғарғы жүйке жүйесімен байланысты  мінез, қабілет, темперамент).

Диагностикалық минимум:

Д. Голландтың  «Тұлғаның  әлеуметтік  бағыттылығын анықтау», ДДС Кллимовтың, Иовайши кәсіби ынта,  ойлау типі  Резапкина әдістемесі, Ильиннің теппинг- тесті, Интеллект  шапшандығы, Танымдық процестерді анықтау әр түрлі тестермен.

Диагностика нәтижелерін өндеу .

Әдістеме түрлері:

- профиль әдістемесі (Қызғушылық картасы);

- сауалнама Кәсіптік беиімділік Л. Йовайши;

- ШТУР тесті немесе Интелект тесті Ржичан;

- ойлау типі сауалнама;

-ақыл-ойының  даму деңгейі тест

Диагностика нәтижелерін өнделгеннен кейін бейіндік оқыту бланкісі  толтырылады. 9-інші сынып бітірген оқушыларға элективтік курс таңдауға тиімді ұсыныс болады. Бланк үш түспен белгіленеді:

-жоғары деңгей көрсеткіші қызыл түспен;

-орта деңгей көрсеткіші көк түспен;

- төмен деңгей көрсеткіші жасыл түспен;

Оқушы ең максималды корсеткіш алған да ғана боялады.

Берілген диагностика арқылы оқушының жеке тұлғалық бейіндік оқуға дайындығын көрсетеді және жеке тұлғалық диагностикалық карта болып есептеледі кәсіпалды дайындықта психологиялық сүйемелдеу кезеңінде.

         Кәсіби ағарту, кәсіби кеңес, кәсіби кеңес жұмыстар:

1.     Диагностика нәтижесі бойынша жеке кеңес.

2.     Элективтік курстар таңадау, қатысу.

3.     «Мен және мамандық»» атты тренинг-сабақтар

4.     «Жетістікке жету жолдар» бағдарлама тренинг-сабақтар

5.     Іскерлік ойын «Құтқарушылар».

6.     Ата-аналармен, сынып жетекшісімен кеңес

7.     Кеңес бланкісін толтыру.

Диагностика нәтижелерін өнделгеннен кейін бейіндік оқыту бланкісі  толтырылады. 9-інші сынып бітірген оқушыларға элективтік курс таңдауға тиімді ұсыныс болады. Бланк үш түспен белгіленеді:

-жоғары деңгей көрсеткіші қызыл түспен;

-орта деңгей көрсеткіші көк түспен;

- төмен деңгей көрсеткіші жасыл түспен;

Оқушы ең максималды корсеткіш алған да ғана боялады.

 


Просмотров: 619
Дата создания: 29.01.2011
Дата редактирования: 29.01.2011

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource